RU

Алматыдағы беделді судьяның "қыз ұзатуына" қатысты шу шықты (фото)

Facebook желісінің қолданушысы Жанар Исакова Алматыдағы аудандық судьяның қызына жасаған "қыз ұзату" тойына қатысты туындаған жайт туралы айтып берді.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазған.

"Неткен әдемілік! Бүгін клиенттеріміз осы жұмыстың ақысын төлеуден бас тартты. Бір кеш ішінде суретке түсіп еді. Клиент қызын ұзатып жатқан еді. Қыз ұзату! Ол Әуезов ауданының судьясы. Осыдан кейін адамдарға қалай сенуге болады? Біздің құқық қорғау жүйесіне ұят нәрсе!", - деді Жанар.

Ал жазбаға жазылған пікірде ол клиенттер ақша жоғын айтып, сылтауратқанын айтты.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстауда жоғалып кеткен 4 жасар қыз айдалада жалғыз өзі түнеп шыққан

"Бір күн қалғанда келіп, әйелі ақшасын кешке төлеймін деп жалынды. Ал кешке мені танымайтын болып шықты", - деп наразы болды ол. 

Бұл жазба желіде тез таралып кетті. Желі қолданушылары клиенттердің әрекетіне наразы болып, Жанарға ақыл-кеңесін аямады.

Аз уақыттан соң бұл жайт туралы Алматы қалалық соттар әкімшілігін ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов пікір білдірді.

"Жанар Исакова жазба қалдырып, қызын ұзатып жатқан клиент қызмет құнын төлемегенін айтқан. Сонымен қатар автор клиенттің Әуезов аудандық сотының судьясы Мақсат Сейдахметов болып шыққанын айтты", - деп жазды ол. 

Махамбетовтің айтуынша, қызметтік прокуратура Мақсат Сейдахметовтың 8 шілдеде шынымен де қызын ұзатқанын анықтаған.

"Ал Сейдахметовтың жұбайының сөзіне сенсек, шараны ұйымдастыру жөніндегі келісім мейрамхана әкімшісі арасында болған. Дәл солар шараны ұйымдастыруды өз мойнына алған. Бұл келісімнің барлығы ауызша жасалған. Олардың көрсеткен қызметінің ішіне ғимаратты безендіру, қызмет көрсету, музыка, сонымен бірге мейрамхана залын жалға алу кірген", - деді ол.

Тағы оқыңыздар:  Тойдың жаңа түрі: Үйлену тойын үндіше өткізген қазақтар елдің ашуына тиді (фото)

Ал мейрамхана әкімшілігі болса, қызмет көрсетудің алдын ала ақысы төленгенін, қалған төлемақы той өткен соң берілетінін айтты.

"Бұл тұста тапсырыс бергендер ақы төлеуден қашпаған. Сондықтан да қалған ақша берілмей қалады деген ой да оларда болмаған. Ақысын төлеу мерзімі өтіп кетпегендіктен, мейрамхана тарапынан ешқандай сын айтылмаған", - деп жазды бөлім басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550438-almatydaghy-bedeldi-sudyanynh-qyz-uzat.html