RU

Мейрамбек Беспаев қазақстандықтарды Бердібек Сапарбаевқа дауыс беруге шақырды

Мейрамбек Беспаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында NUR.KZ порталының "Халық дауысы" деп аталатын жобасы аясында қазақстандықтарды Бердібек Сапарбаевқа дауыс беруге шақырды.

Танымал қазақ әншісінің Instagram желісіндегі жазылушыларының саны - 1,5 млн. Қазіргі таңда оның бұл жазбасы 37 966 лүпіл жинап үлгерген.

Осы жазбадан кейін болар, Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингінде бірінші орынға шыққан. Қазіргі таңда Ақтөбе облысының әкімі рейтингтің екінші орнына жайғасқан.

Еске салсақ, биыл мамыр айында NUR.KZ қазақстандық порталында «Халық дауысы" деп аталатын ауқымды жоба іске қосылған.

Онлайн дауыс беру қазақстандықтарға өздерін толғандыратын түйткілдер туралы айтып, сүйікті қаласына баға берудің немесе өзіне ұнамайтын шенеунікті я жобаны анықтауға мүмкіндік бермек.

Жоба 2017 жылғы қараша айына дейін созылмақ.

«Халық дауысы» жобасының сайтында он үш номинация бойынша көшбасшыны таңдап, оған дауыс беріңіз!

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550442-meyrambek-bespaev-qazaqstandyqtardy.html