RU

Ұшақтағы әжетханаға бірге кірген қос ғашық видеоға түсіп қалды

Virgin Atlantic әуе компаниясының ұшақ бортындағы екі жолаушы әжетханаға бірге кірген жерінен ұсталып қалды. Лондон-Майами рейсінің өзге жолаушысы оларды видеоға түсіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Роликті Facebook желісінің LADbible парақшасына жария еткен. Airlive порталының мәліметіне сәйкес, бұл оқыс жағдай төртінші шілде күні болыпты. Видеода әжетханадан алдымен әйел кейін ер адам шығып жатқаны байқалады.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда өнімнің сақтау мерзімін қолдан өзгерткен жұмысшылар жаға ұстатты

Ролик авторы Дэвид Ив (David Eve) бұл қос ғашықтың америкалықтар екенін айтуда. Видеоны 8,5 миллион адам тамашалап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550586-ushaqtaghy-azhetkhanagha-birge-kirgen-qos.html