RU

Қытай үкіметі ұлын қамауға алған қазақ әжей елден араша сұрауда (видео)

Ұлын Қытай үкіметі қамауға алған кейуана Abai.kz ақпараттық порталына хабарласып, Қазақстанның құзырлы органдарынан араша сұрады.

"Менің есім-сойым Сапила Тақаш. 1949 жылы 11 айда Қытайда туғанмын. Қазақстан азаматымын. Менің ұлым Жеңісхан 1972 жылы туған. Біз 2002 жылы Қазақстанға қоныс аударып келдік. Мен 2004 жылы Қазақстан азаматтығын алдым. Балам келіп-кетіп жүретін. Осы жақта мал-жаны бар еді. Ықтияр хат алған. 2017 жылы 5 айдың 2-күні қамауға алыныпты.

Тағы оқыңыздар: Ұшақтағы әжетханаға бірге кірген қос ғашық видеоға түсіп қалды

Сол анау "Уишіңнан" (Қытайдағы әлеуметтік желі - ред.) қателескен дейді. Оның қай жерден жаза басқанын біз білмейміз. Балам темекі тартпайды, арақ ішпейді. Өзі намаз оқитын бала еді.

Балам Қытайда "телевизорда" дыбыстаушы болған, той жүргізетін. Өнерге жақын еді. Ықтияр хатты 2017 жылы ақпан айында алған. Сол ықтияр хатты алып кеткеннен келмеді ғой. Әйелінде де ықтияр хат бар, екі баласы бар.

Әйел, бала-шағасы да Қытайда тұрады. Келінім мемлекеттік қызметте. Қытай билігі менің баламды не үшін ұстап алғанын білмеймін. Маған айтқан жоқ. Келінім телефон арқылы сөйлесуден қатты қорқады. Телефонмен сөйлессең, "партия адал", "біздің партия кемелденген партия", "ешқандай қорықпа, апа", "қауіп жоқ" дейді. Басқа ешқандай ақпар айтпайды.

Тағы оқыңыздар: Көкшетауда өнімнің сақтау мерзімін қолдан өзгерткен жұмысшылар жаға ұстатты

Телефон арқылы сұрасақ, тек қана орын ауыстырғанын, ұсталғанын, қысқа-қысқа ғана мағлұмат береді бізге. Келінім "Уишіңнен" қорыққан соң, "Теле2" қостық. Оған да жақсы сөйлемейді.

Тез-тез сөйлейді. Қорқады. Қорқатын себебі де бар. Қамауда жатқан жері - Үрімжі аймағындағы Шисаң деген жерде болу керек. Келінімнің айтқаны бойынша, "айдың 13-күні Шисаңға жеткізеді деген қағаз әкеліп, қолыма берді" деді. Бірақ ол қағазды суретке түсіріп жіберген жоқ.

Үрімжідегі Мишуаң, Бидуши дейді, қазір екеуі қосылып кеткен ғой. Телевизорға дыбыс беру кезінде, бір ұйғар сериалын дыбыстап жатқан кезде ұстап кеткен ғой.

Үлкен ұлым Атырауда жұмыс істейді. Одан кейін қызым мен ұлым бар. Қызым - Қазақстанда, ұлым - Қытайда. Одан кейін мына - Жеңісхан. Мен - анамын. Менің балам қамауда жатыр. Қазақстанның құзырлы министрлеріне, Сыртқы істер министрлігіне, "Нұр Отан" партиясына, барлық халықтан сұрайтыным, менің баламды жазықсыз жаладан құтқарып берсеңіздер екен.

Мен - анамын, екі айдан бері хат-хабар ала алмай отырмын ұлымнан. Балам Жеңісхан кісі ұрған жоқ, ұрлық жасаған жоқ. Бір айыбы: қазақы тәрбие туралы сөз айтуы болып отыр. Айналайын, азаматтар, сіздерден араша сұраймын!

Автор: Нұргелді Әбдіғаниұлы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550599-qytay-ukimeti-ulyn-qamaugha-alghan-qaza.html