RU

Атырауда құлдыққа түскен қыз жантүршігерлік жайттың бетін ашты (фото)

Атырау облыстық емханасы неврология бөлімінің емделушісі өзінің жантүршігерлік оқиғасын айтты. Бойжеткенді бетін тұмшалаған үш әйел алдап апарып, құлдықта ұстаған деп жазады Ақ Жайық.

26 жастағы Паруаз Мнажатдинова бөлімшеге 28-ші маусым күні ауыр жағдайда түскен. Аяусыз соққыға жығылған қызды полицейлер тапқан.

Паруаз бала күнінен эпилепсиямен ауырады, аяусыз соққыдан кейін оның жағдайы нашарлап, ұстамасы қайталана берген.

Жәбірленуші есін жиғаннан кейін, емханадағы көршілеріне жантүршігерлік оқиғасын баядап берген. Олар дәрменсіз қыздың жағдайын көріп, журналистерден көмек сұраған.

Тағы оқыңыздар: Қытай үкіметі ұлын қамауға алған қазақ әжей елден араша сұрауда (видео)

Паруаздың айтуынша, ол Нүкістен Ақтауға күйеуіне келе жатқан.  Пойызда онымен үш қыз танысады. Олардың бәрі никабта, беттері жабулы болған соң түрлерін көре алмаған. Есінде қалғаны біреуінің есімі - Жұмагүл.

"Олар маған Атырауға үйлеріне бара жатқанын айтып, пойыздан олармен бірге түсуімді өтінді. Бала күтушінің жұмысын ұсынып, күніне 2800 теңге төлейтіндерін айтты. Бұл өте жақсы айлық болғандықтан, жақындарыма көмектеспек болып, келістім. 21-ші маусым біз Атырауға келдік.

Вокзалда бізді ақ джип мінге ер адам қарсы алды. Мені екі қабатты коттеджге әкеліп, құжатым мен телефоным болған сөмкемді тартып алып, жертөледе қамап тастады. Бала күтушінің орнына мені бір кафе мен мешіттің ас үйінде жұмыс істеуге мәжбүрледі.

Түнде мен сол жертөледе ұйықтап жүрдім, ондағы  көртышқандар менің аяғымды тістеп алды. Бірнеше күн сонда болғандықтан, мен өзімнің алданғанымды түсініп, қашуға бел будым.

Бірақ, ол адамдар мені ұстап алып, ұра бастады. Басымнан ұрды, шашымнан жұлды.  Осының салдарынан менің талмам ұстап қалған. Есімді жиған соң, басым ауған жаққа қаштым"  - дейді қыз.

Тағы оқыңыздар: Желіде "Екінші Димаш" атанып кеткен ақтөбелік бала елді сүйсіндірді (видео)

Журналистер атыраулық полицейлердің пікірін алуға тырысып жатыр.

Ал бұл уақытта Атыраудың мейірімді тұрғындары жәбірленушіге қол ұшын созып, оған киім мен тамақ, ұялы телефон әкелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550674-atyrauda-quldyqqa-tusken-qyz-zhantursh.html