RU

Сәнге ерген келіншектер ерніне әжетхана қағазын жапсыра бастады (фото, видео)

Instagram желісінде жаңа оғаш сән үлгісі танымал болуда. Сәнге ерген келіншектер ерніне әжетхана қағазын жапсыра бастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы funny24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әжетхана қағазын жапсыру арқылы 3-D эффектіге қол жеткізген арулар бұл әрекетінен еш әбестік көрмейді. Бұл оғаш сән үлгісін италиялық визажист Грета Агаззи ойлап тапқан.

Тағы оқыңыздар: Атырауда құлдыққа түскен қыз жантүршігерлік жайттың бетін ашты (фото)

Ол модель ернінің фотосымен бөліскені сол-ақ еді, визажистің жаңа тәсілін қайталаушылар табыла кетті.

Ал видеоблогер Сафия Найгаард, тіпті ерніне қағаз жапсырған күйі күн ұзаққа жүріп, тамақтанып та көрген.

Тағы оқыңыздар: Мәскеулік тұрғын 10 жыл бойы көршісінің ұлын сексуалды құлдықта ұстаған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550714-sange-ergen-kelinshekter-ernine-azhetkh.html