RU

Еліміздегі ең ауқатты алты балалы ана ел алдына жартылай жалаңаш күйінде шықты (фото)

Еліміздегі көп балалы аналар қатарындағы бизнес-вумен Виктория Момынбаева ел алдына жаңа көйлекпен шықты. Танымал әлемдік бренд саналатын көйлек оның жартылай жалаңаш мүсінін айқындап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл суретті кәсіпкер ана өзінің желідегі парақшасына жүктеген.

Виктория өз жазбасында бұл көйлекті қатты ұнатып қалғанын айтты.

Ал оның оқырмандары оған түрлі мақтау сөздер жазып, алты баланы босанғаннан соң мінсіз мүсінін қалай сақтап қалғанын білгісі келді.

Суретте Виктория жартылай жалаңаш денесіне астарсыз көйлек киген.

Тағы оқыңыздар: Үйлену тойында үндінің ұлттық киімін киген қазақ жастары желіні шулатты (фото)

Айта кету керек, Виктория еліміздегі танымал кәсіпкерлердің бірінің жұбайы. Оның бес ұлы, бір қызы бар. Виктория көп балалы ана бола тұра, бизнеспен қалай айналысу керектігі туралы түрлі ақыл-кеңестерін айтып жүрген үлгілі аналар қатарына кіреді.

Сонымен бірге, ол еліміздегі элиталы сауық кештердің көркін қыздырып, тек ақсүйектер жиналатын ортада беделге ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550873-elimizdegi-enh-auqatty-alty-balaly-ana.html