RU

Денсаулық сақтау министрі мекеме шенеунiктерiнiң тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов Фармация комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жүйелi түрде пара алып, фармкомпаниялар мүдделерiн қорғаған лауазымды тұлғаларының тұтқындалуына қатысты түсiнiктеме бердi деп хабарлайды Baq.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы негiзгi мәлiметтi бердi. Бiзде қосымша ақпарат жоқ. Бiз түсiнiктеме бере алмаймыз, себебi бюро тiкелей өз функцияларын атқарып жатыр. Қазiргi таңда тергеу амалдары жүргiзiлуде. Егер сот тыңдаулары аясында өтетiн қоғамдық талқылау барысында қажеттi ақпаратты алсақ, түсiнiктеме беремiз. Бүгiнгi күнi барлық iс материалдары бойынша түсiнiктеме берiлмейдi", - дедi Бiртанов үкiмет отырысынан кейiнгi баспасөз мәслихатында.

Министрдiң айтуынша, комитет төрағасының мiндетiн атқарушы мен ведомство қызметкерлерi дәрiлiк қамтамасыз ету мәселелерi мен "СК Фармация" компаниясының қызметiне араласқан.

Тағы оқыңыздар: Денсаулық сақтау министрі тікелей эфирдегі дебатқа дайын екенін мәлімдеді

"Сатып алуларды "СК Фармация" компаниясы жүзеге асырады. Олар Фармация комитетi әзiрлейтiн нормативтiк базамен реттеледi", - дедi Денсаулық сақтау министрi.

Еске сала кетейiк, үшінші шілде күні Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Пак Л.Ю., Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің басшысы Қажинова З.Ш., Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармация комитетінің бас маманы Имамходжаев П.Т., Фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. ұсталды.

Олар жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам мөлшерде бірнеше мәрте пара алған деп айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550990-densaulyq-saqtau-ministri-mekeme-shen.html