RU

Димаштың аты ұшаққа берілетін болды (фото)

Димаш Құдайбергеновтің есімі ұшаққа берілетін болды. Бұл туралы оның досы Алпамыс Шәрімов желідегі парақшасында хабарлады.

"Димаштың атымен енді ұшақ жарыққа шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналмақ.

Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Бейжіңге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі бейнеленетін болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!! Барша Димаштың жанкүйерлеріне, Dears, құтты болсын!!!", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі ең ауқатты алты балалы ана ел алдына жартылай жалаңаш күйінде шықты (фото)

Бұл қуанышты жаңалықты естіген желі қолданушылары сүйікті әншісін құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551005-dimashtynh-aty-ushaqqa-beriletin-boldy-f.html