RU

Бір кездері бүкіл әлем назарына іліккен қырғызстандық сиам егіздері қалай өмір сүруде?

Зумрият Резаханова күнделікті ішер асын әрең тауып жүрген жан. 2003 жылы апалы-сіңілілі Зита мен Гитаның тағдыры бүкіл ел назарына түсті. Дәрігерлер қырғызстандық сиам егіздерін ажырату отасын жасады деп жазады kabarlar.org сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ауыр отадан кейін қыздар өздігінен жүре алу мүмкіндігіне ие болған. 2015 жылдың қараша айында Зита ұзаққа созылған дертінен көз жұмды. Қазір екі қыздың анасы Зумрият Резаханованың әлеуметтік жағдайы өте нашар.

Қазір Гита мен Зумрия көмекке зәру. 19-шы шілдеге дейін олар жаңа протезді күтіп отыр. Гита қыздар колледжінде оқиды, ал Зумрият Зитаның өлімінен кейін мүгедек балаларға арнап орталық ашқан. Қазір орталықта мүмкіндігі шектеулі 19 бала бар. Ол бұл орталықты көз жұмған Зитаға арнаған.

Тағы оқыңыздар: Денсаулық сақтау министрі мекеме шенеунiктерiнiң тұтқындалуына қатысты түсiнiктеме бердi

"Зита ауруына шыдай алмаған кезде ата-анасынан өзін өлтіруді сұраған. Мұндай сәтте Зумрият үйден қашып кетіп, аула сыртында жүретін. Оның қолынан бар келгені осы болды", - дейді таныстарының бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551044-bir-kezderi-bukil-alem-nazaryna-ilikk.html