RU

Қазақстанның қатыгез балалары ресейліктерді шошытып отыр (видео)

Ресейлік Рен.Тв арнасында "лайк" үшін құрдасын сабаған бүлдіршіндердің видеосы жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Телеарна тілшілері бұзақы балаларды «Қазақстанның қатыгез балалары» деп көрсеткен. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аталған бейнежазбаны тексеріп жатыр. Видеода 6-7 жастағы балақайлар қатарласын жерге жығып, ұра бастайды.

Тағы оқыңыздар: Емші бала Ербосынға қаралған түркістандық жігіт үш айдан соң көз жұмған

Болжам бойынша, балалар  арасындағы төбелеске ақша себеп болуы мүмкін. Қатыгез бала құрдасын сабап болған соң өзінің көрермендеріне ғаламтордағы арнасына жазылса жаңа роликтер түсіріп, көп көргендерге сыйлық беретінін айтып мақтануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551050-layk-ushin-qurdastaryn-sabaghan-buldir.html