RU

Айдана Меденова өзін "тоқал" деп сөккендерге жауап берді

Қазақ эстрадасындағы көрікті әншілер қатарында Айдана Меденова да бар. "Кешью" тобының экс-әншісі жуырда ғана өзінің екінші ұлын өмірге әкелді. Алайда бірқатар отандық басылымдарда әншінің жары Әлішер туралы көптеген қауесеттер өріп жүр. Бұл тұста Айдана Меденова өзін "тоқал" деп атағандарға жауап беріп, бұл туралы өз пікірін білдірді.

"НТК" арнасына сұхбат берген әнші күйеуінің өзіне дейін отбасы болғанын ашық айтты. Алайда дәл "тоқал" деп атағандарға ол қатты ренжіген.

"Шыны керек, есеңгіреп қалдым. Біз Әлішер екеуіміз "шок" болдық. Жалған ақпарат. Оны айтқан адамдарға қатты ренжідім. Мен Әлішермен кездескен кезде оның басы бос болды. Бірақ оның отбасылы болғанын, екі баласы бар екенін де білдім", - деді әнші.

Тағы оқыңыздар: Үйлену тойында үндінің ұлттық киімін киген қазақ жастары желіні шулатты (фото)

Сонымен бірге, әнші жаңадан босанса да, шығармашылығына да үлгеріп жүргенін айтты. Мәселен ол аз уақыттың ішінде үшінші әнін жазып, күзде жаңа бейнебаянын елге ұсынбақ ойы бар екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551117-aydana-medenova-ozin-toqal-dep-sokken.html