RU

Мәһрге Астанадан үй мен қымбат тон сұраған қазақ қыздары желіні шулатты (фото)

Қазақстандық арулардың мәһрге не сұрайтыны белгілі болды. Желіде неке қияр сәтте мәһр сыйлықтарын тізімдейтін жазба кітабының суреті тарап кетті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Онда қыз-келіншектер күйеулерінен алтын сырғадан бастап, үйге дейін сұрайтынын көруге болады.

Мәһр ретінде аталған сыйлықтар сан алуан: алтын алқа, алтын білезік, гауһар тасты сырға, құндыз тон, жер үй, Астанада орналасқан үй деп нақтылаған қыздар да бар.

Мәһр - жігіттің қалыңдықтың өзіне ғана арнап беретін сыйлығы. Яғни, некелесу барысында немесе қалыңдыққа кейін берілетін дүние-мүлік немесе ақша.  

Тағы оқыңыздар: Үйлену тойында үндінің ұлттық киімін киген қазақ жастары желіні шулатты (фото)

Алла Тағала бұл турасында: «Үйленетін әйелдеріңе мәһрлерін (қалыңдық сыйын) шын көңілден тарту етіңдер. Егер олар өз ризашылығымен сол мәһрдің бір бөлігін өздеріңе қалдырса, сендер үшін таза һәм адал. Игіліктеріңе жаратып, қызығын көріңдер», – деген («Ниса» сүресі, 4-аят). Мәһрді қыз бала жеке өзі пайдаланады, деп жазады Ihsan.kz сайты.

Сый болғандықтан мәһрдің мөлшері белгіленбеген. Мәһр туралы Құранда айтылып кеткендіктен, оны орындау ер азаматқа міндет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551123-mahrge-astanadan-uy-aperuin-suraghan-q.html