RU

Тоғыз ай бойы егіз күткен қырғыз отбасында жалғыз сәби дүниеге келді

Қырғызстандағы Ыстықкөл облысының тұрғыны Данияр Чыбыев перзентхана дәрігерлерін жаңа туған егіздің сыңарын ұрлап алды деп айыптап отыр. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Тағы бір нұсқасы бойынша, сәбиді ешкім ұрламаған, дәрігерлер егіздің сыңарын құтқара алмай, оны жасырып қалған болуы мүмкін.

Махабат Намазбекова мен оның күйеуі Данияр Чыбыев егіз бала күткенін, бірақ егіздің сыңарын дәрігерлер туу кезінде алып қойғанын айтты.

"Әйелім тоғыз бойы сегіз мәрте УЗИ-ден өтті. Біздің қолымызда егіз екенін дәлелдейтін алты анықтама бар. Тағы екі анықтама жекеменшік мекеме дәрігерлерінде. Оларды милиция алады", - дейді Данияр.

Дәрігерлер Махабат Намазбекова егіз босанған жағдайда, оны туу кезінде анық білуі керектігін айтып отыр.

Тағы оқыңыздар: 62 жастағы қарияның қолына түскен сәбилерді тек ажал күтіп тұр (видео)

"Біз оның беліне ғана наркоз салдық. Ол босану үстінде бізбен әңгімелесті. Операциядан соң салмағы 3 келі 250 грамм нәресте дүниеге келді. Бір ғана бала туылғанын бәрі көрді", - деді дәрігер.

Акушер Гүлзат Нарынбекова егіз күткенін, бірақ бір ғана бала туылғанын растады.

Шын мәнінде қалай болғаны қылмыстық іс аяқталғанда белгілі болады. Бөлім меңгерушісі уақытша жұмыстан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551178-toghyz-ay-boyy-egiz-kutken-qyrghyz-otbas.html