RU

Бауырым, бұл түйе: ЭКСПО-ға кіру үшін түйеге құжат жасағандар күлкіге қалды (фото)

Астанада болып жатқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің қызығы таусылар емес. Айгүл Ибраева есімді желі қолданушысы Facebook парақшасына көрме аясында өтетін шоуға қатысу үшін әкелінген түйелер жайында күлкілі оқиғаны әңгімелеп берді. Оның айтуынша, күзетшілер жануарларды көрме аумағына құжатсыз деп кіргізбей қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

"ЭКСПО-да қызық жағдайға тап болған адамның аузынан естігенім!

ЭКСПО аясында Алматы қаласының күндерін өткізбекке Астанаға төрт тірі түйені шоуға қатысуға әкелген. ЭКСПО аумағына кіру үшін билет немесе аккредитация болуы тиіс. Кіреберістегі күзетші түйелерді кіргізбей қойды", - деп жазады Айгүл Ибраева.

Тағы оқыңыздар: 62 жастағы қарияның қолына түскен сәбилерді тек ажал күтіп тұр (видео)

Әрі қарай Facebook қолданушысы келеңсіз жағдайға тап болған адам мен түйелерді кіргізбей қойған күзетшінің екеуара диалогын келтіреді:

- "Бұларыңыз не?"

- " Бауырым, бұлар - түйелер". 

- "Аккредитация қайда?"

- "Бауырым, түйе деймін..."

- "Аккредитациясыз кіруге болмайды!"

- "Бауырым! Бұл түйе ғой!" 

Әрі қарай түйені әкелген адам аккредитация орталығына қоңырау шалған. Олар түйелерге құжат жасау үшін көзілдіріксіз түскен 3×4 сурет пен "әртістердің" аты-жөндерін сұрапты.

"Одан кейін не болғанын фотодан көріп байқаған шығарсыздар. Алайда бәрі әділетсіз болды. Бір түйені ғана суретке түсіріп алып, төртеуіне де сол суретпен бейдж жасап берді", - деп мысқылдайды Айгүл Ибраева. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551210-ekspo-gha-kiru-ushin-tuyelerge-sureti-ba.html