RU

Концлагерьден қашқан тұтқын әйел өзін құтқарған сарбазбен 71 жыл өмір сүрген

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шотландиялық коммандос жасағындағы 23 жастағы Джон Маккай Освенцимнан еврейлік тұтқындарды құтқарған. Оның ішінде жас жігіттің болашақ жары 20 жастағы Эдит Штайнер де (Edith Steiner) болған деп хабарлайды anews.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Джон Маккайдың болашақ жары Эдит концлагерьге анасы және отбасының басқа мүшелерімен бірге түскен. Алты аптадан кейін газ камерасындағылардың ешбірі тірі қалмаған.

Эдит Штайнер лагерде қамаудағыларға түрлі сараптамалар жасайтын "Өлім Періштесі" атанған Йозеф Менгел жүргенде жұмыс істеген.

Тағы оқыңыздар: Бауырым, бұл түйе: ЭКСПО-ға кіру үшін түйеге құжат жасағандар күлкіге қалды (фото)

Джон Маккай және оның досы Тобрук, Ливия қаласындағы әскери тұтқындар лагерінен италиялық сарбаздар ретінде киініп, қашып кеткен. Олар жаудың қолына түспес үшін 18 ай жасырынған. Джон 1944 жылы лагерден тұтқын әйелдерді құтқаратын лондондық шотландия полкінде қызмет еткен.

Эдит венгерлік Секешфехервар қаласында туылған. Оның концлагерде 39 туысы көз жұмған. Олар босатылған тұтқындарға арналған би кешінде танысқан.

Жастар 1946 жылдың 17-ші маусымында Джон Маккай отаны Шотландияға оралғаннан кейін отбасын құрған. Олардың Питлохри қаласында Atholl Arms атты қонақ үйлері болған. Бақытты жұптың Шэрон және Питер атты екі ұлынан жеті немерелері мен бес шөберелері бар.

Тағы оқыңыздар: Ресейлік депутаттар жалақыларын бірден 200 мың рубльге көбейтіп алды

2017 жылдың ақпан айында олар 71 жыл бірге тұрғандарын атап өтті. Екеуінің махаббат хикаялары БАҚ бетінде жарияланып, үш апта өткен соң Эдит 92 жасында көз жұмды. Джон Маккай жалғыз қалғанымен, олардың үлгі боларлық махаббаттары тарихта қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551229-konclagerden-qashqan-tutqyn-ayel-ozi.html