RU

Түрмеге тоғытылған Бақытбек Есентаев журналистерге сұхбат бермей қойды

Әйелін пышақтады деп айыпталып, тоғыз жылға сотталып кеткен Бақытбек Есентаев журналистерге сұхбат беруден бас тартты деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және облыстық жастар ресурстық орталығы ЛА-155/8 түзету мекемесінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырған болатын. Оның мақсаты - жазасын өтеушілерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Осы мекемеде жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаев аталған шараға барған журналистерге сұхбат беріп, бейнекамераға түсуден бас тартқан.

Алайда танымал продюсердің бұрынғы күйеуінің қатаң режимдегі жағдайы туралы аталған мекеме басшысының орынбасары Әлихан Молдыбаев айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Айдана Меденова өзін "тоқал" деп сөккендерге жауап берді

«Сотталушы Есентаев 9 жылдық жазасының бір жылға жуық уақытын өтеп шықты. Оған қандай да бір жеңілдік көрсетіліп жатқан жоқ.  Тіпті түрме ішіндегі жұмысқа да орналастырылмаған. Себебі бос жұмыс орны жоқ», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, осыдан бір жыл бұрын Есентаев өзінің жары Баянды бірнеше жерден пышақтап, соққыға жыққан болатын. Ол өз кінәсін толықтай мойындап, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551368-turmege-toghytylghan-baqytbek-esentae.html