RU

Канелоның ғашығы Головкиннің жекпе-жегі үшін төсек қатынасынан бас тартты (фото, видео)

Венесуэлалық модель Шеннон де Лима өзінің сүйіктісі, мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (49-1-1, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңуі үшін (37-0, 33 КО) төсек қатынасына түсуден бас тартты деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Өткен аптада Лима Premios Juventud ( Жастар марапатында) латын америкалық кино, музыка, спорт пен сән саласының үздіктерін марапаттау рәсімінде болған.

Univision жүргізушісі Рауль де Молина қызыл кілемде Лиманың уәдесін алды.

"Өтініш,"Канелоға" қамқорлық таныт! Маған жарыс алдында бір ай бұрын интимді қатынас болмайтынына сөз бересің бе? Бұл жеңіс үшін керек!", - деді. Модель болса өз кезегінде: "Ештеңе етпейді. Мен уәде беремін және оған қамқорлық танытамын", - деп жауап берді.

Тағы оқыңыздар: Отандық олигарх 13 жасар ұлын джиптің рөліне отырғызып қойды (фото)

GloboVision.com атап өткендей, көптеген спортшылар дайындық барысында алкоголь ішу, тұрақсыз ұйқы режимі мен секстен бас тартады. "Канелоның" жанкүйерлері Лимамен роман оның Головкинмен болатын жекпе-жегіне кері әсерін тигізеді ма деп алаңдаулы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551411-kanelonynh-ghashyghy-golovkinninh-zhekpe-zh.html