RU

Түркияда аяусыз зорланған қырғыз қызын жақын құрбысы сатып жіберген

Өткен жылдың соңында БАҚ Түркияда аты-жөні белгісіз азиат қыздың табылғаны жөнінде жарыса жазды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта оның ес-түссіз жатқаны хабарланды. Оны біреулер аяусыз зорлаған. Кейін бойжеткеннің 1994 жылғы Қырғызстан азаматшасы екені анықталды. Оны құрбысы түркиялық секс-бизнес өкіліне сатып жіберген деп хабарлайды zanoza.kg сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бойжеткенді зорлады деген күдікті ұсталды. Осы іске қатысы бар тағы екі адамның тегі анықталды. 

Ал, 21 жастағы қырғыз қызын зорлап, жезөкшелікке итермеледі деп күдіктелген азаматтың соты ертең, 12 шілдеде өтеді. Оны 30 жыл бостандығынан айыруы мүмкін. Жәбірленушінің адвокаттары қылмыскерді өмір бойы түрмеге тоғытуды сұрап отыр.

Тағы оқыңыздар: Түрмеге тоғытылған Бақытбек Есентаев журналистерге сұхбат бермей қойды

Белгілі тележүргізуші Ассоль Молдокматова Антальядағы қырғызстандықтарды қызды қолдауға шақырды.

"Бұл қыз енді бұрынғы өміріне қайтып оралмайды. Көп буындары сынған, мидың жұмсақ ұлапалары зақымданған. Сол жағы түгел сал болып қалды, бірақ ол күш тауып, сөйлей бастады. Оның өмір сүргісі келеді, күресіп жатыр. Оған жәбірлеушінің фотосын көрсеткенде ол: "Мұстафа!" деп айғайлап жіберді. Ол - қызға жәбір көрсеткен адамның есімі. Оны "жеңгетайға" жақын құрбысы сатып жіберген. Мұстафа оның бас сүйегін сындырып, аса үлкен жылдамдықпен келіп лақтырып тастаған", - деп жазды Молдокматова өзінің Facebook парақшасында.

Ол Түркия үкіметіне үш отаны да тегін жасап бергені үшін, сондай-ақ оған және ата-анасына бір жылға виза бергені үшін алғыс білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551514-turkiyada-ayausyz-zorlanghan-qyrghyz-qyz.html