Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда секс-құлдыққа сатылған өзбек қыздары қашып шықты

Опубликовано:

Түркия, АҚШ және Ресейдің белсенділері Ыстамбұлда секс-құлдықта болған өзбекстандық екі қызды құтқарған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Шетелде жезөкшелер үйін құрған өзбекстандық әйел жас қыздарға жұмыс тауып беруге уәде беріп, Ыстамбұлға жіберіп отырған.

5 шілдеде 25 жастағы Хорезм облысында туған Халима Хайитбаева Ыстамбұлға кетіп, жезөкшелер үйіне тап болғанын IMO мессенджері арқылы Санкт-Петербургтегі бұрынғы жұмыс берушісіне жазып үлгерген.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен 8 жастағы баланың мәйіті табылды

Белгілі болғандай, 8 шілдеде Түркияның бір фирмасында жұмыс істейтін өзбекстандық ер азамат Халима Хайитбаеваны құтқаруға көмектеседі.

«Хайитбаева жанындағы қызбен үйден қашып үлгерді. Қазір олар қауіпсіз жерде. Енді олар Ыстамбұлдағы Өзбекстан елшілігінен көмек сұрайды», – дейді қыздарды құтқарушы жігіт.

Қыздарды құтқаруға қатысқан тағы бір белсендінің айтуынша, Ферғанадан келген Мадина есімді қызды да босатып алған. Ол "жеңгетай" әйелдің қолына 20 күн бұрын түскен екен.

«Мадинаны да Халима секілді Ыстамбұлға алдап жіберген. Кейін "мама Роза" оған Ыстамбұлға әкелгенім үшін 4 мың доллар төлейсің деген. 20 күн бойында Мадина 15-20 адамға қызмет жасаған. Әйелге 3 мың доллар беріп, Халима екеуі қашып үлгерген. Қазір олар Ыстамбұлдағы жағдайларын туғандары біліп қояды ма деп қатты қорқады», – дейді белсенділердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1551516-turkiyada-seks-quldyqqa-satylghan-ozbe/

pixel