RU

Желіде Құрбан айтқа қатысты жалған ақпарат тарауда (фото)

Whatsapp желісінде «Мүфтияттың айтуынша, 24 қыркүйек Құрбан айт болып белгіленді» деген жалған ақпарат тарауда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарып, мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мүфтият мұндай мазмұндағы ақпаратты таратқан емес. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2017 жылдың діни күнтізбесіне сәйкес Құрбан айт мерекесі 1 қыркүйекке тура келеді. Сондықтан, құрбандық шалынатын алғашқы күн 24 қыркүйек емес, 1 қыркүйек екендігін тағы да қатаң ескертеміз», - делінген мәлімдемеде.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен 8 жастағы баланың мәйіті табылды

Мүфтият өкілдері мұндай жалған ақпаратты тарату ешкімді сауапқа кенелтпейтінін, керісінше, мерекеге дайындық шараларына едәуір кедергісін келтіретіндігін айтады. Сондықтан жұртшылықты қарапайым халықтың емес, құзырлы органның ресми ақпаратына жүгінуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551629-zhelide-qurban-aytqa-qatysty-zhalghan-aq.html