RU

Ми қайнатар ыстық: Мексикада жер 250 градусқа дейін қызып кетті

Мексикадағы Пуэбло-Вьехо елді мекеніндегі жер учаскесі әзірге анықталмаған себептермен қызып кетті, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Футбол алаңы ауданында жер 250 градусқа дейін қызып кетті, жарылған жерлерден бу шығып жатыр. Алаңда жайылып жүрген екі қозы өліп қалған.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен 8 жастағы баланың мәйіті табылды

Ғалымдар бұл құбылысты зерттеп жатқанымен ол жерде жаңа жанартау пайда болды деген тұжырым жасауға асығар емес.

Айта кетейік ең жас жанартау – Парикутин 1943 жылы Мексикадағы осы Мичоакан штатының аумағында жүгері өрісінде пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551640-mi-qaynatar-ystyq-meksikada-zher-250-grad.html