RU

ОҚО-да "мектептің үздіксіз ақша жинауынан шаршадық" деген ата-аналар шу шығарды

ОҚО-да әлеуметтік жағдай төмен отбасылар жыл сайынғы мектептегі ақша жинау дәстүрінен шаршағанын айтып, шағымдануда деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Шардара тұрғындарының айтуынша, мұғалімдер күрделі жөндеу жұмысынан бастап сабақ барысында қолданылатын борға дейін ата-аналардың жинаған қаржысынан сатып алады екен. Тіпті, тұрғындар жазғы демалыста ақысыз қалалық лагерьге жолдама берілгенінен хабарсыз болғанын айтуда.

Тағы оқыңыздар: Желіде Құрбан айтқа қатысты жалған ақпарат тарауда (фото)

"Қыркүйек айы басталғаннан перде, шелек алу керек деген ақша жинау науқаны басталады. Біз тіпті балаларды жазғы лагерьге жіберуге болатынан білмедік. Ешкім ештеңе айтпады", - дейді тұрғын Мая Ақмолдаева.

"Негізі жөндеу жұмысына деп үнемі ақша жинайды. Қазір оны мұғалімдер жинамайды. Ақшаны ата-аналарға жинатуға мәжбүрлейді. Мұғалімдердің айтатыны бір: "егер сіздердің балаларыңыз таза сыныпты оқығанын қаласаңыз онда ақша жинаңдар дейді", - деп күйінді Екатерина Мыльникова.

Бұдан басқа тұрғындар кітап тапшылығының орын алғанын айтып ашынуда.

Екатерина Мыльникова бұл мәселені қалалық білім бөлімінде де көтерген. Тіпті мекемеге барып, арызда жазыпты. Ал арызданушының бұл қылығы мектеп басшылығына жақпай қалған.

"Олар бұл жағдайды күтпеген еді. Сонан соң менен арызды қайтып алуымды талап етті. Бұл ақпарды қайдан алғанымды білмеймін деп қолхат жаздырды. Кейін кітап жеткілікті, ақша да жинамағанбыз деп айтқызды", - дейді Екатерина Мыльникова.

Ал қалалық білім бөлімінің мамандары бұл шағымдар дәлелденген жағдайда аталған білім ордасына тексеріс жүргізетінін жеткізді. Сонымен қатар мектеп басшылығы тиісті жазасын алады деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551652-oqo-da-mekteptinh-uzdiksiz-aqsha-zhinauy.html