RU

Алматы облысында көші-қон полициясының бір күнде ғайып болуы жұрттың ашуын туғызды

Алматы облысының тұрғындары бір қағаз үшін ұзақ жол жол жүруге мәжбүр. Өйткені көші-қон полициясының басқармасы аяқасты Алматыдан Талдықорғанға көшіп кеткен деп хабарлайды Ктк арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Енді оңтүстік астанаға жақын орналасқан 8 аудан тұрғындарының құжат үшін кемі 300 шақырым жол жүруіне тура келмек. Ал, жұрт бұған наразы. Сондықтан олар бүгін кенеттен қаңырап қалған ғимараттың алдына жиналды.

Енді мұның зардабын Алматыға жақын орналасса да, облысқа қарайтын 8 ауданның тұрғындары тартпақ. Өйткені, енді виза алу, сырттан келген қонақты уақытша тіркеу сияқты мәселерді шешу үшін облыс орталығына баруға тура келеді. Ал бұл бізге тиімсіз дейді жұрт.

"Талдықорғанға бару үшін ақшам жоқ. Ол жерде қонатын жеріміз жоқ",-дейді Алматы облысының тұрғыны Нұрқанат Жолманов.

Бұлардың ашуланатын жөні бар. Себебі, бір құжаттың өзін кейде 3 күн күтуге тура келеді. Ал облыс орталығына күнде қатынау жұрттың қалтасын қағайын деп тұр. Тұрғындар көші-қон полициясындағылардың қоныс аудару туралы алдын-ала ескертпегеніне де өкпелі.

"Алдын-ала айтқан жоқ. Ешкім айтқан жоқ қой. Дүйсенбі күні тіркейміз деді. Сол күні маған айтуы керек еді Талдықорғанға көшіп кеткенін",- деп наразылығын білдірді Алматы облысының тұрғыны Нұргүл Шапқан.

Тағы оқыңыздар: Түркияда секс-құлдыққа сатылған өзбек қыздары қашып шықты

Сондықтан қазір жұрт бос ғимаратты айналшықтап жүр. Әсіресе, дайын құжатын ала алмай жүргендер көп. Бірақ, облыстық ішкі істер департаментіндегілер басқарманың қоныс аударғанын жоққа шығарды. Яғни мекеме ешқайда көшпеген екен. Тек қызметкерлері облыс орталығына уақытша барыпты-мыс.

"Көші-қон департаменті 6 айды қорытындылау мақсатында Талдықорған қаласына уақытша келді. Ертеңгі күннен бастап Алматы облысы өкілдігіндегі көші-қон қызметінің қызметкерлері бұрынғы режимде қызмет көрсететін болады",-деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төлегенқызы.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551697-almaty-oblysynda-koshi-qon-policiyasyn-2.html