RU

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз?

Дүйсенбі Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәлімдемесінен басталды. Бұл жолы Фармация комитетінің төрайымы қызметін атқарушы Лариса Пак сыбайластарымен қолға түсті. Арнайы операция өткен аптада болып, күдіктілердің қамауға алынғанына біраз уақыт өткен деп хабарлайды Ктк сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ал бұл істегі басты күдікті Лариса Пак министрліктің ресми сайтында өзгеріссіз, әлі де комитет басшысы болып тұр. Оның әріптестері оқиғаға қатысты пікір білдіруге асығар емес. Әзір бар ақпарат, ұлттық бюроның құрғақ хабарламасы.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында көші-қон полициясының бір күнде ғайып болуы жұрттың ашуын туғызды

Миллиондарды шенеуніктер фармацевтикалық компанияларға көз жұмып лицензия бергені үшін алған. Пак бастаған топ сондай-ақ халыққа тегін үлестірілетін дәрі-дәрмекті көпе-көрнеу қымбатқа алып, қазынаны сауып келіпті. Лариса Пак ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау министрлігінің фармация саласында жүрді.

Алпысты алқымдаған шенеунік 2002-2014 жылдар аралығында фармация комитеті төрағасының орынбасары, одан кейін төрайымы да болған. Ал қазіргі Фармация комитеті Денсаулық сақтау министрлігі қайтадан өз алдына министрлік болған кезде құрылған үш су жаңа комитеттің бірі-тін. Жаңа комитет жаңа міндеттерді мүлтіксіз орындауы тиіс еді.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да "мектептің үздіксіз ақша жинауынан шаршадық" деген ата-аналар шу шығарды

Комиссия қандай болмасын, алайда Лариса Пак депутат, фармацевт, кәсіпкер, керек десең Денсаулық сақтау министрінің де өзін сан соқтырды. Себебі, қол астында жүріп пара алды деп күдікке ілінген лауазымды қызметкерінің шатылуы министр Елжан Біртановқа да жақсы ат әкелмейтіні анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551703-para-aldy-dep-kudikke-ilingen-farmaci-2.html