RU

Түркияға қыдырып барған жерлестеріміз қонақ үй таппай тентіреп кетті

"ELITE CLASS" туристік фирмасының банкротқа ұшырауынан Түркияда 30 қазақстандық қонақ үйге жайғаса алмады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазақстандағы әріптесі «Kompas» компаниясы болып табылатын ірі туристік операторлардың бірі бүгін Түркия уақытымен 14:00-де банкротқа ұшырағандарын жариялады.

Қолайсыз жағдайға тап болған қазақстандықтарға Анталиядағы Қазақстан консулдығының қызметкерлері көмектесіп жатыр. «Элит Класс» өкілдері Қазақстандағы серіктесі «Компас» компаниясының өз міндеттерін атқармауынан банкротқа ұшырағандарын айтуда.

Тағы оқыңыздар: Атырауда жол апатынан әжесі мен немересі тіл тартпай кетті

«Компас» компаниясынан бөлек, Қазақстанда «Элит Класстың» өзге де серіктестері бар және олардың атауы анықталуда. Әзірге 30 отандасымыз Sueno Belek қонақ үйінің кіреберісінде отыр. Қонақ үй нөмірлері үшін ақы төленбегендіктен, азаматтарға көмек көрсету үшін және оларды қонақ үйге орналастыру мәселелерін шешу үшін Анталиядағы Қазақстан консулдығы оқиға орнына аттанды», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551729-turistik-firmanynh-bankrotqa-ushyrauy.html