RU

Қарағандылық азамат "көпірден секіремін деп" елді дүрліктірді (фото)

Қарағандыда жас жігіт көпірден секіріп кетпек болды, полицейлер екі сағат бойы сөйлескеннен кейін оны көндіріп түсіріп алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ішкі істер департаментінде.

11 шілде күні сағат екілер шамасында полицияға бейтаныс ер адамның Гоголь көшесінің бойындағы көпірден секіріп кетпек болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел қызметтер тартылды.

Тағы оқыңыздар: Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз?

"1982 жылы туған ер адам прокурор мен журналистердің келуін талап етті. Артынан белгісіз адамдар аңдып жүргенін айтып, өтіп бара жатқан адамдарды көрсетті", — деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Екі сағат бойы ер адаммен сөйлескен кейін Қарағанды орталық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Қайрат Байзақов, ақыры оны секірмеуге көндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551832-qaraghandylyq-azamat-kopirden-sekire.html