RU

Тоқтар Серіков өзін сатып кеткен жақын досы туралы ашық айтты

Танымал әнші Тоқтар Серіков өзін сатып кеткен жақын достары туралы айтып, ағынан жарылды. Оның айтуынша, достың сатқындығы жаныңды жаралайтын ең ауыр нәрсе.

Бұл туралы ол "Әйел бақыты" бағдарламасында айтты.

"Сатқындық деген адам баласы үшін ең үлкен күнә. Оның бірнеше түрі бар, қыз бен жігіттің махаббаты кірлетіп сатуы, дос пен достың арасындағы, қоғамдағы сатқындық. Соның ішіндегі ең үлкен сатқындық -  Отанды сату.

Тағы оқыңыздар: Мейрамбек Беспаев ел сынаған Қайратпен неге дуэт айтқанын түсіндіріп берді

Ал енді дос пен достың арасындағы сатқындықтар адам баласының өміріндегі мәңгілік, өшпейтін сызат. Қанша ұмытайн десең де, ұмытылмайтын сатқындық. Сондай сатқындықтар менің өмірімде де болған. Бір-екі досым мені сатып кеткен. Бірақ оларды сатқын деп есептемеймін. Себебі оларды ондай нәрсеге қимаймын", - деп деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551962-toqtar-serikov-ozin-satyp-ketken-zhaqy.html