RU

Танымал тележүргізуші Олимпиаданың күміс жүлдегерін танымай ұятқа қалды

Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасына қонақ ретінде шақырылған Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевқа "спорттың қай түрімен айналысасыз?" деп сұрақ қойған жүргізуші ел алдында ұятқа қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі журналист Мейрам Жанәділов өзінің Facebook парақшасында Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, грек-рим күресі бойынша қазақстандық балуан Нұрбақыт Теңізбаевтың "Таңшолпан" бағдарламасына қатысып, Жетісу өңірінде спорт түрлерінің дамуы жөнінде кеңінен әңгіме еткенін жазды.

Ол бағдарлама жүргізушісінің қазақ балуанынын танымай отырғанына таңғалды.

"Жүргізуші бала "өзіңіз спорттың қай түрімен айналысасыз?" деп сұрақ қояды. Сонда барша Қазақ елінің намысын қорғаған, даңқты балуан Теңізбаевты танымағаны ғой. Қызық әйтеуір", - дейді Мейрам Жанәділов.

Желіде бұл жайт туралы пікірлер көбейіп келеді.

Олардың бірі: "Ұлттық арнаға сондай сауатсыздарды алады екен, көзіміз жетті! Грек-рим күресінен Бейжің олимпиадасынын қола жүлдегерін білмеген журналисті алу енді масқара, ұят жағдай ғой!", - деп сынап тастады.

Ал енді бірі оған қатысты: "Шахматтан спорт шеберімін деу керек, Нұреке!", - деп әзілге айналдырып үлгерді.

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев грек-рим күресі бойынша Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін алған болатын. Кейін Теңізбаевтың қарсыласы Виталий Рагимов допинг қолданғаны үшін медалінен айырылып, есесіне ХОК оның жүлдесін Олимпиадада үшінші орын алған қазақстандық палуанның еншісіне жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551966-tanymal-telezhurgizushi-olimpiadanynh.html