RU

Сара Назарбаеваның ауылындағы жалғыз мектеп құлайын деп тұр (фото)

Сара Назарбаеваның туған жері Қарағандының Қызылжар ауылындағы жалғыз мектеп бүгін ертең құлап қалуы мүмкін. Өйткені, төбесі әлден опырылып түсіп жатыр. Бірақ,одан қорқып отырған жергілікті атқамінерлер байқалмайды. Төбесін айтпағанда, шіріген еденнен шынымен кәдімгі саңырауқұлақтар өсіп жатыр деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ.

"Бәленбай милион бөлінді, солай істейміз дейді. Әкім келіп, жиналыс жасайды. Ертең сөйтеміз, бүйткелі жатырмыз дейді. Жоқ, ешқайсысы жоқ", - дейді ашынған Қызылжар ауылының тұрғыны Аршагүл Ақпан.

Тағы оқыңыздар: Атырауда жол апатынан әжесі мен немересі тіл тартпай кетті

Екі жыл бұрынғы тасқынның салдарын шенеуніктер толықтай қалыпқа келтірдік деп есеп бергенмен, 130 бала оқитын ғимаратқа ешкім саусағының ұшында тигізбегені анық байқалады дейді тұрғындар. Сыз тартатын сыныптарда білім алатын оқушылардың ата-аналары пеш жағып, терезелерді қаптасада сынып жылынар емес.

"ЭКСПО-ны сайрандатып жасап жатырмыз ғой, той жасап, шет елден қаншама қонақ шақырып. Мектеп мына арада құлап жатыр", - дейді балаларының көктің иісі мүңкіген мектепте отырғанына жүректері ауырып, көздеріне жас алған аналар.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеліктер жерде жатқан президенттің суретін қоқысқа лақтырып тынды

Өткен оқу жылында ғана бірнеше оқушы өкпе ауруына шалдығып, ауруханаға екі рет жатып шыққан екен.

Жергілікті әкім биылғы оқу жылына дейінде мектепті жөндеп үлгермейтіндерін ашық айтты. Сондықтан балалар ауылдан бес шақырым жерде орналасқан  көршілес мектепке автобуспен қатынап оқып тұрады дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1551973-sara-nazarbaevanynh-auylyndaghy-zhalghy.html