RU

Сүймейтін жігіті алып қашқан шымкенттік бойжеткен бақытты өмірін баяндады

Қалыңдықты алып қашу көпшілік елдерде көнеден келе жатқан дәстүрге айналған. Бүгінгі таңда заман өзгерді, заң бар деп ойлағанымызбен, қыз алып қашатын батырлар әлі күнге дейін жетерлік.

NUR.KZ тілшісіне өзінің басынан өткен оқиғасын баяндаған Майра Маратова ол кезде небәрі 19 жаста болған. Жоғары оқу орындарының бірінде студент болып жүргенде, жас жігітпен танысады. Жігіт бірнеше апта бойжеткеннің артынан жүгіргенімен, ол жігітте көңілі жоқ екенін білдірген.

"Нұрхан менің талғамымдағы жан болмаған. Ол кезде мен сабағын жақсы оқитын, өте белсенді, қызыл диплом үміткерлерінің бірі едім. Біз онымен көп араласпадық, ол маған келіп жүрді, мен әрине оған аса мән бермеген едім.

Мен қыздармен пәтер жалдап тұратынмын, ол бір күні мен тұратын үйге келді.  Ол көршімнің бірінен мені шақырып беруді өтінген, мен шыға сала, онымен араласқым келмейтінін жеткіздім. Нұрхан болса "Соңғы сөз еркекте, шешімді сен қабылдамайсың",-деді деп еске алады Майра.

Тағы оқыңыздар: Тоқтар Серіков өзін сатып кеткен жақын досы туралы айтып берді

Сол күні бойжеткен оның сөзіне еш мән бермеген. Үш күн өткен соң Майра ата-анасының үйіне барады, сол жерде жігіттің ол үйге келіп тұрғанын біледі.

"Мен оның мекен-жайды қайдан біліп алғанын білмеймін.  Бір сағат өткен соң, анам үйге келіп: "Әлгі жігіт ән айтып жатыр" деді. Мен ұяттан өртене жаздап, аулаға шықсам, онда "Жаным" әні орындалып жатты",-дейді Майра.

Нұрханды Майраның әкесі қуып жіберген.  Бұдан кейін ол Нұрханға басқа жігітке тұрмысқа шығайын деп жатқанын айтқан.

"Бір күні кешке жанымда тұратын танысым өзімен дәріханаға барып келуді өтінді. Анықталғандай, ол оның досының қызы болып шығады.  Біз шыққан кезде Нұрхан досымен бірге жақын маңда тұрды, мен сол кезде-ақ олардың алып қашатынын түсіндім. Полицияға шағымданатынымды айтып, қорқытпақ болдым. Ол мені көлікке итеріп салып, алып кетті. Мен жылай-жылай, еш нәрсе өзгермейтінін түсіндім. Осылайша басыма ақ орамал салынды",-дейді Майра.

Өзін ешкімнің құтқармайтынын түсінген бойжеткен, амал жоқ табалдырықтан аттаған.

Тағы оқыңыздар: Сара Назарбаеваның ауылындағы жалғыз мектеп құлайын деп тұр (фото)

"Ол егер кетсең өз таңдауың. Мен сені алып қашқаным үшін кешірім өтінемін, сенімен бірге болуды қатты қалаймын. Сені ешқашан ренжітпеймін, қорғаймын. Өзім соншалық бай емеспін, жасым небәрі 22-де, бірақ ер азаматтың уәдесін беремін, сен жоқшылық көрмейсің. Бастысы-мені тыңдасаң болды",-деген деп еске алады Майра.

Майраға күйеуі оқуын жалғастыруды ұсынғанымен, ол бұл ұсыныстан бас тартқан. Енді жыл сайын күйеуі үйленген күндерінде Майраға арнап "Жаным" әнін орындайды. Бүгінде олар екі баланың ата-анасы атанған. Отағасы бизнеспен айналысып, жақында егіз балаларының дүниеге келуін күтіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552018-suymeytin-zhigiti-alyp-qashqan-shymkent.html