RU

Жантүршігердік жағдай: Ақтөбе облысында зираттың үстіне әйел адамды көміп кеткен

Ақтөбе облысы Алға қаласының маңындағы зираттардың бірінің үстіне әйел адамды көміп кеткен деп хабарлайды Ақтөбеnews.

Сенімді дереккөздер хабарлауынша, кеше кеш мезгілінде қорым басында полиция қызметкерлері жүрген. Сонымен бірге, жедел жәрдем көлігі байқалған.

Зираттың ортасын қазып, адамды көмгені белгілі болды.

«Көмгенде де, барлық жоралғысымен, орап, арулап, басын құбылаға қаратып көміп кеткен. Шамамен, көктем айларында жерленген болу керек, денесі ыдырай бастапты. Мәйіттің әйел адамға тиесілі екені белгілі. Жас шамасы, қандай адам, кім екені енді анықталады», - деп хабарлады Aktobenews.kz сайтына сенімді дереккөз.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеліктер жерде жатқан президенттің суретін қоқысқа лақтырып тынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552106-aqtobe-oblysynynh-algha-qalasynda-zira.html