RU

Майра Мұхамедқызының Астанадағы элиталы пәтері қандай? (фото)

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өзінің Астанадағы элиталы пәтерін көрсетті. Ол елордадағы ең қымбат тұрғын үй кешені Highvill-де тұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Майра Мұхамедқызы алғаш рет өзі тұратын пәтерін көрсетті.

Қазақ елін әлемге танытып жүрген Майра Мұхамедқызы қандай мақтауларға лайықты екені белгілі. Алайда ол ел секілді бірнеше қабатты зәулім сарайда емес, тұрғын үйдегі пәтерде тұрады.

Десе де, Астананың қақ төріндегі Highvill тұрғын үй кешені де арзан баспана қатарына жатпайды. Бизнес-класс санатындағы пәтер қымбат жиһазбен сәнделген.

Әншінің ұзақ жылдар бойы аңсаған перзенті бүгінде оның көз қуанышына айналған. Майраның айтуынша, ол бос уақытын қызымен өткізуге асығады.

Мәселен қызын ынталандыру үшін ол онымен бірге гимнастика жасаудан қашпайды екен.

Желі қолданушылары оны мұндай кейіпте көргенін тіпті де ренжіген жоқ. Керісінше жақсы пікірлерін қалдырып, жылы лебіздерін аямады.

"Үйде де сондай сұлусыз", "Неткен қарапайым едіңіз", "Үш қабатты зәулім үйде тұруға лайықсыз", - деп жарыса жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552117-mayra-mukhamedqyzynynh-astanadaghy-eli.html