RU

Ұлыбританияда алғаш рет бір жынысты мұсылмандардың некесі қиылды (фото)

Ұлыбритания елінде алғаш рет бір жынысты мұсылмандардың некесі тіркелді деп хабарлайды anews.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Заңды некеге тұру салтанаты Уолсолл қаласында өткен. 24 жастағы Джахед Чаудури мен 19 жастағы Шон Роген отбасын құру салтанатына дәстүрлі бангладештік костюммен келген.

"Біз бүкіл әлемге мұсылман бола тұра, көгілдір болу мүмкін екенін көрсетеміз", - дейді Чаудури.

Тағы оқыңыздар:Александр Лукашенконың 21 жастағы модельмен көңіл қосқаны рас па? (фото)

Бұдан бұрын Чаудуридің көгілдір екенін білген мұсылмандар оны ұрып, намысына тиетін сөздер айтқан. Тіпті 15 жыл бойы барып жүрген мешіттен қуып шыққан.

Ол өзгеруге тырысып, түрлі дәрілер қабылдап, қажылыққа барып, қыздарға ғашық болуға тырысқан. Бірақ, мұның бірі де оған көмектеспеген. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам болашақ күйеуінің өзін өлімнен алып қалғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552144-ulybritaniyada-alghash-ret-bir-zhynysty-m.html