RU

Алматыда 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

NUR.KZ редакциясының WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне қызын жоғалтқан ата-ананың көмек көрсетуді өтінген хаты келді.

Жоғалып кеткен Назерке Әріптің туыстарының сөзінше, ол бұған дейін ешқашан үйден кетпеген және телефонын сөндірмеген.

Биылғы жыл мектеп бітірген бойжеткенді Алматыға Тұздыбастау ауылынан екі бауырымен бірге ата-анасы жалдаған жүргізуші әкеліп жүрген.

Тағы оқыңыздар: Майра Мұхамедқызының Астанадағы элиталы пәтері қандай? (фото)

"Назерке үйден 10-шы маусым күні кешкі сағат 16-да шығып кеткеннен, қайта оралмаған. Мен оның телефонына хабарласа бастадым, бірақ ол тұтқаны көтермеді. Кейіннен қоңырауларға автоматты түрде жауап қайтарғыш жауап берді. Мен қызыма телефонды біреудің әдейі көтертпегенін сезіп тұрмын. Назерке үйдің қызы, ол ешқашан бұлайша жоғалып кетіп, бізді уайымға салған емес", - дейді жоғалған қыздың анасы.

"Ол сол күні әкесінен ағылшын тілі курсының ақшасын қалдырып кетуді сұрапты. Кейіннен олар қыздың сыныптастарымен бассейнге бармақ болғанын білген. Ол үйден қалтасындағы 1400 теңгесімен шыққан, сол күні оның нөміріне 500, кейіннен 100 теңге бірлік толтырылған"  - деп түсіндірді Назерке Әріптің анасы.

Жоғалған қыздың ата-анасына полицейлер соңғы кіріс-шығыс нөмірлері мен болған орнын анықтап берген. Соңғы мекен-жай: Жетісу ауданы, Айша бибі 359, Рысқұлов көшесінен төмен. Қоңырау соңғы рет 00.30-да соғылған.

Үш бірдей экстрасенс қыздың белгісіз бір қызбен жүргенін айтқан. Кейбіреулер оны "Достық Плаза" сауда орталығы маңынан көрдік деген ақпарат айтқан.

Қазіргі таңда бойжеткенді иісшіл иттер, арнайы мамандар іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552396-almatyda-18-zhastaghy-qyz-iz-tussiz-zhoghaly.html