RU

Баласын жүксалғышқа жатқызып қойған жүргізуші полицейлерді шошытты (видео)

Алматы полицейлері баласын көлігінің жүксалғышына жатқызып қойған жүргізушіге айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.kz.

«Фольксваген» маркалы автокөліктің жүк салғыш бөлігінде жатқан бала туралы бейнематериал желіде тараған болатын. Құқық қорғаушылар бірден тексеру жұмыстарына кірісіп, ереже бұзған ер адамның кім екенін анықтапты.

Тағы оқыңыздар: Сүймейтін жігіті алып қашқан шымкенттік бойжеткен бақытты өмірін баяндады

«Жантүршігерлік жағдай. Ата-анасының осындай әрекеті баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Көптеген ата-ана баласының қауіпсіздігін ойламай, осындай әрекеттерге баратыны өкінішті. Айта кетейік, бұл оқиға соңғы кезде бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Желіде бейнематериал пайда болғаннан кейін тексеру жүргіздік, содан кейін жүргізушіні анықтадық. Ол ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі бойынша ереже бұзған. Жүргізушінің өзі бұл жағдайды түсіндіре алмады», - дейді Алматы қаласының ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552408-balasyn-zhuksalghyshqa-zhatqyzyp-qoyghan.html