RU

Төрт бірдей мектеп оқушысын қаққан қытайлық жүргізуші өлім жазасына кесілді

Шығыс Қытайдың Цзянси провинциясында төрт бірдей мектеп оқушысын қаққан жүргізушіні өлім жазасына кесті деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Еске салайық, оқиға 2016 жыл, 19-шы қаңтар күні орын алған. Рөлде отырған Ху Цзябинь мектепке бара жатқан бір топ мектеп оқушыларын қақты. Төрт оқушы көз жұмып, тағы 18 адам түрлі деңгейде жарақт алды. Қылмыскерді оқиға орнында тұтқындаған. Кейіннен ол өз әрекетін  өкпесі үшін "қоғамнан кек алғым келді" деп түсіндірген.

Тағы оқыңыздар: Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаеваның құдаласқаны рас па? (фото)

Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің көптеген баптары бойынша қарастырылады, оның ішінде сыбайлас жемқорлық пен заңсыз наша саудасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552441-tort-birdey-mektep-oqushysyn-qaqqan-qy.html