RU

Қазақ актерінің жары айықпас дертке шалдыққан қызына көмек сұрап, шарқ ұрды (фото)

Осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған танымал қазақ актері Шалқар Үркімбаевтың жары Ақсана елден көмек сұрап шарқ ұрды. Үш баласымен жесір қалған келіншектің қызы қатерлі ісікке шалдығып, оған тез арада ота жасау қажет деп хабарлайды NUR.KZ.

Актер отбасына күн туғанын оның өнердегі достары хабарлады. Сонымен бірге желідегі танымал журналистер де отбасындағы акыр жағдаймен бөлісіп, көмек сұрауда.

"Үркімбаева деген келіншек бар осында. Талантты актер, осыдан бірнеше жыл бұрын қайғылы жағдайда қайтыс болған Шалқар Үркімбаевтың жары. Үш баламен қалды. Осыған дейін Құдай қосқан қосағынан айрылып қайғы жұтты. Одан өз денсаулығы сыр беріп, анау-мынау шыдас бермейтін сынақты өткізді, басынан.

Одан балаларымен далада қала жаздап, баспанасының (бір бөлмелі жатақхана) проблемасымен (үкіметтен көмек ретінде алып қалу үшін) бар өмірі өтті, Ақсананың.

Тағы оқыңыздар: Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаеваның құдағи атанғаны рас па? (фото)

Енді бауыр еті баласы мынадай ауруға тап болып, елден ашық түрде көмек сұрап отыр. Өзге амалы да қалмаған. Уақыт аз, күн санаулы! Марқұм Шалқар мен Ақсананың көзі жəудіреген балапанына көп болып көмек созайық, репост жасайық, пост жазайық! Ақсана маған ешкім де емес, өмірімде бір рет көрмегенмін. Қазір жазғанын оқып, жүрегім толқып кетті...

Бір көмек керек болса, осы Ақсанаға керек! Кезінде Шалқармен араласқан қыз-жігіттер осындайда отбасының жанынан табылса екен дейсің! Əруағы риза болар, ең болмаса...", - деп жазды  Әлия Құдайбергенова есімді журналист.

Көмек қолын ұсынам деушілер мына есепшот бойынша ақша аудара алады:

Kiwi-әмиян: 8747 778 7083

Halyk Bank 4402 5735 4479 7360

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552576-qazaq-akterininh-zhary-ayyqpas-dertke-sh.html