RU

Қазақстанда қарапайым адамдардың президенттік сайлауға түсуіне тыйым салынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкес келтіруге бағытталған Заңға қол қойды деп хабарлайды centralasian.org.

Заң бойынша, қылмыстық кодекске елдің "өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру" және "аса ауыр террористік қылмыстар жасауға" қатысты азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалады.

Азаматтықтан айыру жазасы тағайындалатын қылмыстар санатында терроризм актісі, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, жалдамалылық, Қазақстан президентінің өміріне қол сұғушылық, адамды кепілге алу, геноцид, экоцид, сепаратистік әрекет, экстремистік топ құру және оған басшылық ету, билікті басып алуға, конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге шақыру, мемлекетке опасыздық жасау сияқты қылмыстар бар.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Қытай билігі 200-ден аса этникалық қазаққа іздеу салды

Заңды сынайтындар оның талаптары оппозициялық саясаткерлерге, оның ішінде шетелге кетіп қалған саясаткерлерге қарсы қолданылуы мүмкін дейді. Олардың пікірінше, "өмірлік маңызы бар мүдделер" ұғымының мағынасы кең.

Бұған дейін үкіметте заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев заңға енгізілетін өзгерістер "саяси құралға айналмайтынын", "саясаттың қатысы жоғын" айтқан.

Заңда сонымен бірге президенттік сайлауға қарапайым азаматтардың өзін-өзі ұсынуына тыйым салынған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552585-qazaqstanda-qarapayym-adamdardynh-pr.html