RU

Моңғолияның су жаңа президентіне әйелдер жаппай ғашық болып жатыр

Кеше ғана Моңғолияның бесінші президенті болған Халтмаа Баттулганың суретін көрген көпшілік оның дене сымбатына ғашық болып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Су жаңа ел басшысы - Моңғолияның ең бай азаматы. Оның жекеменшігінде бірнеше қонақ үй, ұн мен ет өндіретін зауыттар, елдегі үлкен корпорацияның бірі «Женко» бар.

Айта кету керек, оппозициялық демократиялық партияның мүшесі жұма күнгі президенттік сайлауда 50,6 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Бесінші президент бұған дейін сенат депутаты, министр де болған.

Ол мықты саясаткер, беделді бизнесмен, самбодан әлем чемпионы.

Күрес пен шығыс жекпе-жегімен айналысқан Халтмаа Баттуга бос уақытын спорт залда өткізеді. Сондай-ақ жаңа президент әлеуметтік желіде отырып, селфиге түскенді ұнатады.

Ғаламтордағы жеке парақшаларына өзінің сымбатты денесімен жеке түскен суретін жариялап отырғанды жөн санайды.

Президенттің жартылай жалаңаш суреттерін көрген әйелдер оның дене сымбатына таңданып, тіпті ғашық болып қалғандарын да жасырмай жазып жатыр.

Президент өзінің сайлаушыларына берген уәдесінің бірі – кен орындарын мемлекеттің бақылауына алу. Ел тізгінін ұстаған азамат екі рет отбасы құрған. Екінші жары Анжелика Даваин орыс ұлтынан, ол президент жұбайына төртем туып берген. Барлығы ұл бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552709-monhgholiyanynh-su-zhanha-prezidentine-aye.html