RU

Елімізде биылға бөлінген гранттардың көлемі көбейді

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат".

"2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы бес жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа - 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп. Магистратураға - 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға - 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек", - дейді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552807-elimizde-biylgha-bolingen-granttardy.html