RU

Астана Азиядағы ең үздік мекендердің ондығына енді

Lonely Planet сайты Азияның ең үздік мекендерінің ондығын жасады. Қазақстанның астанасы - үздік бестіктің ішінде деп жазады baribar.kz.

Үздік деп танылған мекендердің көшін қытайлық Ганьсу провинциясы бастады. Екінші орынға жапондардың Иокогама қаласы жайғасты. Үштікті Үндістандағы Керала штаты аяқтады.

Тағы оқыңыздар: Елімізде биылға бөлінген гранттардың көлемі көбейді

Ал, Астана қаласы үздіктердің рейтингінде бесінші орында тұр. Lonelyplanet.com қала туралы "Қазақстанның кең байтақ даласының үстінен ұшып келе жатқанда көзіңе жазық далада салынған әдемі қала көзге түседі. Онда алтын түстес шатырлар мен әйнек ғимараттар көп" деп жазады.

Авторлар Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесі өткізіліп жатқанын да атап өткен. Елордамыздың үздіктердің қатарына енуіне оған 45 елдің азаматтарының визасыз кіре алатыны да себеп болып отыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552867-astana-aziyadaghy-enh-uzdik-bes-mekenninh.html