RU

Жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түскен судья қылмыс үстінде ұсталды

Ресейдің Иркутск қаласында судья автокөлікте жеткіншекпен жаныстық қатынасқа түсіп жатқан кезде ұсталды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Оқиға үшінші шілдеде орын алды. Росгвардия қызметкерлері қалалық жағажайдың маңында терезесі ашық тоқтап тұрған автокөлікті көріп, маңына барады.

Тағы оқыңыздар: Баласын жүксалғышқа жатқызып қойған жүргізуші полицейлерді шошытты (видео)

"Қызметкерлер автокөлікке жақындап келгенде ішінен тыр жалаңаш ер кісі мен жеткіншекті көреді. Олар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген", - деп растады Иркутск облысы бойынша Росгвардия басқармасының баспасөз өкілі Светлана Карань.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз РИА Новостиге ұсталған ер адамның Иркутск қаласы Октябрь ауданының судьясы қызметін атқаратынын растады. Оның деректеріне сәйкес, ер адамды жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан сәтте ұстаған.

"Жеткіншек ер кісімен әлеуметтік желіде танысып, жыныстық қатынасқа өз еркімен түскенін мойындады. Ұсталған адам бұрын ІІМ институтында оқытушы болып істеп жүрген кезде курсантпен гомосексуалдық байланыста болғаны анықталды", -деп хабарлады дереккөзі.

Иркутск қаласының Октябрь аудандық сотында полицейлер ұстаған судьяның шілдеде қызметтен босап, сотта жұмыс істемейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552899-zhetkinshekpen-zhynystyq-qatynasqa-tus.html