RU

Алып жыланды құшақтап, теледидар қараған балақай жұртты шошытты

Екі алып питонның қожайыны Эднесс Таока YouTube желісіне баласының жыландарымен ойнап жүрген видеосын жүктеумен келеді. Жыланның құшағында отыратын балақайға жұрт алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұны дереу тоқтатуыңыз керек. Жыландарыңыз мейірімді екеніне сенемін, дегенмен олар жыртқыш болып қала береді. Бір күні жағдай сіздің бақылауыңызда болмай қалуы мүмкін", - деп дабыл қақты желі қолданушыларының бірі.

Тағы оқыңыздар: Астана Азиядағы ең үздік мекендердің ондығына енді

Эднесс Таока болса, ешкімнің кеңесіне құлақ асар емес. Ол "қауіпсіз жыландарына" шаң жуытпай отыр. 

"Жыландар еш себепсіз шақпайды. Олар тамағын беріп отырған қожайыны мен қауіпті адамды ажырата біледі. Қызымыз жыландармен екі жасынан бері бірге өсіп келеді. Жыландар оны бір рет те шаққан емес", - деп сендірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552914-alyp-zhylandy-qushaqtap-teledidar-qara.html