RU

Президент бас прокурордың бірінші орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен бас прокурордың бірінші орынбасары болып Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы тағайындалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы еңбек өтілін Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.

Тағы оқыңыздар: Астана Азиядағы ең үздік мекендердің ондығына енді

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

2016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне басшылық жасады.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552955-prezident-bas-prokurordynh-birinshi.html