RU

Семейде жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Семейде 25 жастағы Ерлан Қуанышбаев жоғалып кетті. Жақындарының айтуынша ол соңғы кездері күйзеліске түсіп жүрген. Бұл туралы NUR.KZ порталы Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан оныншы шілдеге қараған түні хабарсыз кеткен. Белгілі болғандай, жас жігіт Восточный ауылындағы үйінен сағат түнгі бірлерде үй киімімен шығып кетеді. Оның үстінде көк футболка, жылы жолақ жемпір, спорттық көк түсті шалбар мен қызыл кроссовка болған.

Тағы оқыңыздар: Алып жыланды құшақтап, теледидар қараған 4 жасар балақай жұрттың зәресін ұшырды

Ол өзімен ақша да, ұялы телефонын да алмапты. Туыстары бірден дабыл қағып, полицияға хабар берді. Еріктілер жігітті іздеуге ат салысуда.

"Ерланның жақындары жігіттің соңғы кездері күйзелісте болғанын айтып берді. Ол уақытша жұмыссыз қалған екен. Ұялы телефоны үйінде. Оның соңғы рет қайда қоңырау шалғанын жақындары біле алмай отыр. Себебі, телефон бұғатталған. Әлеуметтік желіге жігіт шықпады. Ерекше белгілері: жігіттің сол жақ қасында тыртық бар", - дейді еріктілердің бірі Евгения Павел.

Ерланның отбасы ол туралы ақпарат бере алатындарды келесі нөмірге хабарласуын сұрайды: 8-747-349-57-17, 8-707-653-15-17 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552966-semeyde-zhas-zhigit-iz-tuzsiz-zhoghalyp-ke.html