RU

Алматының Әл-Фараби даңғылында қарулы жасақ арнайы операция жүргізді (фото, видео)

Алматының Әл-Фараби даңғылында орналасқан AFD plaza кешені маңында қарулы жасақ арнайы операция жүргізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған. Оқиғаның фотолары мен видеосы Instagram желісінің kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Тағы оқыңыздар: Президент бас прокурордың бірінші орынбасарын тағайындады

Полицейлер бұл жайттың болғанын растап отыр. Операция кезінде есірткі саудасына қатысы бар екі күдікті қолға түскен.

"Полицейлер есірткі саудасына қатысы бар екі азаматты қолға түсірді. Олардан ірі көлемде гашиш тәркіленді", - дейді ІІД Tengrinews.kz сайтына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1552996-almatynynh-al-farabi-danhghylynda-qarul.html