RU

Шымкентте ішіп алып көлік айдаған прокурор ақыры жұмыстан қуылды

Шымкентте ішіп алып көлік айдаған прокурор ақыры жұмыстан қуылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Күнгейлік прокуратура өз сапында 12 жыл қызмет атқарған Нұржан Полатовты мекеменің абыройын түсіргені үшін жұмысына лайық емес деп тапқан.

Тағы оқыңыздар: Семейде жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Мамыр айының басында прокурор Нұржан Полатовтың көлігін полицейлер бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін тоқтатқан. Мас күйде рөлде отырғанын сот-медициналық сараптамасы дәлелдесе де, әкімшілік сот прокурорға қатысты жазаны алып тастаған болатын.

Тек, әлеуметтік желіде дау тудырып, Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәмидың араласуынан кейін ғана апелляциялық сот оны жүргізу куәлігінен айырды.

Енді, міне, Созақ ауданының су жаңа әкімінің ұлы әрі облыстық прокуратураның білдей басқармасын басқарған Нұржан Полатов ақыры жұмыстан кетіп тынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553054-shymkentte-iship-alyp-kolik-aydaghan-pro.html