RU

Атыраулық тұрғын өзіне қарыз берген адамды қуамын деп өлтіріп алды

 Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кісі өлтірді деп айыпталған Махамбет ауданының тұрғынына үкім шықты деп хабарлайды Ақжайық.

Айыптау жорамалы бойынша іс желісі мынадай. 2015 жылдың күзінде Махамбет ауданы Ақжайық ауылының тұрғыны Атырау тұрғынынан 160 мың теңге қарыз алып, оны ұзақ уақыт бермеген.

2016 жылдың 8 маусымында кешкісін қарыз беруші өзінің туған екі бауырымен қарызын алу үшін Ақжайық ауылына барады. Үй иесі үйде болмайды, бірақ туыстары борышкермен хабарласады. Ол қазір Индерден келе жатқанын, келген кезде ақшасын қайтаратынын айтады.

Қуанған ағайындылар қарсы шығып, Атырау-Индер трассасында «Гаухар» шайханасына жақын маңда жол жиегіне тоқтап, күтіп тұрады. Кездескен кезде қарыз беруші мен қарыз алушы шетке қарай шығып, олар дауыстарын көтеріп сөйлесе бастайды.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте ішіп алып көлік айдаған прокурор ақыры жұмыстан қуылды

Шайханаға көліктерімен жергілікті жігіттердің келе бастағанын көрген ағайындылар бәледен аулақ деп, қарыз берушіні өздерінің «ВАЗ-21140» көлігіне шақырып алып, үшеуі Атырау жаққа қарай жүріп кетеді.

Ал борышкер жігіт өзінің «Хундай Соната» көлігіне мініп, артынан қуады. Қатты жылдамдықтағы қуғын кезінде «Хундай» «Ладаны» екі рет соғып, екінші соққыдан ол бірнеше рет аударылып, төңкеріліп түседі. Нәтижесінде қарыз берген адам сол жерде көз жұмып, бауырлары ауыр жарақат алады.

Сот үкімімен борышкер Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы 6-тармақшасы («Басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553086-atyrauda-boryshker-qaryz-berushini-qua.html