RU

Адамдарды құтқарамын деп жанталасқан қарияға жұрт сүйсінді

Қария жанып жатқан көліктегі адамдарды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Желіде Ингушетиядағы Ростов-Баку тасжолында болған жол апаты түсірілген видео тараған.

Жол бойында «Волга» маркалы көлігіне ВАЗ көлігі келіп соғылады. Соқтығыстың салдарынан ішінде бірнеше адам отырған «волга» көлігі өртене бастайды.

Көліктің ішінен есікті аша алмай қалған жәбірленушілерге сырттағы адамдар көмекке ұмтылған. Бірақ тарс-гүрс еткен дыбысты естіген адамдар зәрелері ұшып көліктен алшақтап, әрі қарай тұра қашады.

Осы кезде жанып жатқан көліктегі адамдарды құтқаруға ұмтылған қария көліктің терезесін бір теуіп, сындырады да ішіндегі адамдарды сыртқа шығарады.

Көмекке ұмтылған жандарға желі қолданушылары да алғыстарын жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553116-adamdardy-qutqaramyn-dep-zhantalasqa.html